ШҚО-да 110 елді мекенді су басуы мүмкін

ШҚО-да 110 елді мекенді су басуы мүмкін

ШҚО-да 110 елді мекенді су басуы мүмкін
ашық дереккөзі
213

Шығыс Қазақстанның таулы аудандарындағы қардың мөлшері нормадан бір жарым-екі есе асып кеткен. Биыл қардың шамадан тыс көп болуы 110 елді мекенді су басу қаупін тудырып отыр, деп хабарлайды YK-news.kz.

«Әдетте, су тасқыны кезеңінде ең қиын жағдайға Зыряновск және Қатонқарағай аудандары тап болады, сондай-ақ табиғи апат сәуірдің соңы мен мамыр айының бас кезінде орын алуы ықтимал, - деп хабарлады ШҚО ТЖД төтенше жағдайларды ескерту бөлімінің бастығы Алексей Штыкель. Сонымен қатар, маманның айтуынша, Ертіс өзенінің иректелуі салдарынан Бесқарағай ауданында сең кептеліп, су  жиегінен тасып кетеді. Бұдан басқа, таулы өзендердің көптігіне байланысты Тарбағатай, Үржар, Зайсан аудандарында су тасқыны қаупі басым. Қазіргі таңда облыстағы 110 елді мекенде көктемгі су тасқынының болуы ықтималдығы жоғары.  

Серіктес жаңалықтары