Қарағандылық қойлар алғаш рет БАӘ-ге экспортталды

Қарағандылық қойлар алғаш рет БАӘ-ге экспортталды

Қарағандылық қойлар алғаш рет БАӘ-ге экспортталды
ашық дереккөзі
285
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданындағы жайылымнан 3 мыңнан астам «етті сарыарқалық қылшық жүнді ақ түсті» тұқымдас қойлар Myco Trading FZE ірі ет өндіру және ауылшаруашылық өнімі үшін шетелге жөнелтілді деп хабарлайды ҚазАқпарат.  «Алғаш рет қойлар алыс шетелге, БАӘ-ге экспортталды. Жаңаарқа ауданындағы «Жеңіс» асыл тұқымды мал зауыты  3 мың бас қой жөнелтті»,– дейді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков халыққа есеп беру барысында. Фермерлік шаруашылық пен шетелдік компания арасындағы келісімге сәйкес, қойлар Біріккен Араб Әмірліктеріне алдағы уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін жасап шығару үшін союға жіберіледі. «10 мың бас қойды экспорттауға келісім жасасқанбыз, сондықтан бұл жұмыс жалғасын табады», – деді өңір басшысы. «Жеңіс» асыл тұқымды мал зауыты қойларды өсіруге мамандандырылған. Кәсіпорынның жобалық қуаттылғы жылына 130 тонна қой өсіруге дейін жетеді.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жасалған «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған 100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында экспорт тауарларын арттырып, әлемдік нарыққа шығару еліміздің негізгі мақсаттарының бірі екенін айта кеткен жөн.

Серіктес жаңалықтары