Баласы сабақтан қалған ата-ананы қандай жаза күтіп тұр?

Баласы сабақтан қалған ата-ананы қандай жаза күтіп тұр?

Баласы сабақтан қалған ата-ананы қандай жаза күтіп тұр?
ашық дереккөзі
355
Петропавлда баласы себепсіз сабақтан қалған ата-аналарға айыппұл салынуда. Кәмелетке толмаған оқушының немесе студенттің сабаққа бір рет қатыспағаны үшін оның әке-шешесі 7 АЕК көлемінде айыппұл төлейді деп хабарлайды «Мой город» порталы. Солтүстік Қазақстан облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Солтүстік Қазақстан университеті коллеждінде оқитын студенттердің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті. Кездесу барысында студенттерге оқу маусымы кезінде сабақтан себепсіз қалғаны үшін шәкірттердің ата-аналары жауапкершілікке тартылатыны ескертілді. Олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 1,2-тармақтары бойынша жазаланбақ. Мәселен, оқушының немесе студенттің сабаққа бірінші рет келмегені үшін ата-ана 7 АЕК көлемінде, яғни 15 883 теңге айыппұл төлейді. Ал жыл ішінде сабақтан себепсіз қалу қайталанса, айыппұл 20 АЕК-ке дейін өспек. Яғни оқуға құлқы жоқ баласы үшін ата-ана 45 380 теңге төлеуге міндеттеледі немесе 15 күнге дейін қамауға алынады.

Серіктес жаңалықтары