Қазақстанда балабақшаға орналасуға кезек бір тізімге біріктіріледі

Қазақстанда балабақшаға орналасуға кезек бір тізімге біріктіріледі

Қазақстанда балабақшаға орналасуға кезек бір тізімге біріктіріледі
ашық дереккөзі
777
Қазақстан бойынша балабақшаға кезек бір тізімге біріктіріледі. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.  "Жемқорлыққа жол бермеу үшін, балабақшаға кезекке тұру ісін реттеу керек. Барлық кезекті республикалық бір тізімге қосамыз, электронды үкімет деңгейінде балабақшаға кезекті автоматтандырамыз. Бүгінде әр қалада кезек әрқандай, дегенмен, барлық кезек әкімдікте реттеледі", - деді министр Мәжілістегі үкімет сағаты кезінде. Сағадиевтің сөзінше, алға қойған міндеттерді жарты жылда орындауға болады. Ол төрт қала әкімдігінде (Астана, Алматы, Қарағанды және Қостанай) сынақ жобалар енгізіліп жатқанын айта кетті. Төрт жобаның ішінен республикалық деңгейге жарамдысын таңдап алатын жұмыс тобы құрылды. "Балапан" бағдарламасы бойынша бөлініп жатқан қаржыны, университеттегі грантқа ұқсас етіп, ата-аналарға балабақшаның ақысын төлеу үшін үлестіру керек. Сол кезде ата-аналар ең жақсы мекемелерді таңдайды және мемлекеттік тапсырыс та соларға түсетін болады. Балабақша мемлекеттік пе, жекеменшік пе - маңызды емес", - деді министр.

Серіктес жаңалықтары