Жаһандық жылыну салдарынан Ресейдің 8 өңірін су басуы мүмкін

Жаһандық жылыну салдарынан Ресейдің 8 өңірін су басуы мүмкін

Жаһандық жылыну салдарынан Ресейдің 8 өңірін су басуы мүмкін
ашық дереккөзі
1459
Орал федералды университетінің ғалымдарының болжамынша, алдағы елу жылда Ресейдің сегіз өңірі су астында қалуы мүмкін. Бұл туралы ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Зерттеушілердің пікірінше, қауіпті аймақтардың қатарына Якутия, Краснояр өлкесі, Ямало-Ненец автономдық округі, Коми республикасы және Мурманск, Архангельск облыстары енген. Болуы ықтимал су тасқыны жаһандық жылыну салдарынан, мұздықтардың еруінен болуы мүмкін.
ОФУ климат және қоршаған орта физикасы зертханасының хабарлауынша, соңғы жарты ғасырда Арктикадағы температура -10 градустан -5 градусқа дейін көтерілген. Мәңгілік тоң температурасы өз шегіне жетіп, нөл градустан асқанда, апатты салдар орын алуы мүмкін.
 

Серіктес жаңалықтары