277
Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Алдағы күндері Қазақстанның кей жерлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты аздаған қар жаууы мүмкін. Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді, түнде екпіні 25 м/с болады.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с болады. Жамбыл облысының жекелеген аудандарында тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің екпіні жаяу бұрқасынмен 18 м/с болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 17-22 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с болады.
Түнде Павлодар облысынының кей жерлерінде бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман,түнде желдің екпіні жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді.
Ал Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, күтіледі, жел 15-20м/с күшейеді.