Жаңа министрліктерді құруға қосымша қаражат бөліне ме? – Министр жауап берді

Жаңа министрліктерді құруға қосымша қаражат бөліне ме? – Министр жауап берді

Жаңа министрліктерді құруға қосымша қаражат бөліне ме? – Министр жауап берді
ашық дереккөзі
50477
Жаңа министрліктер бір ай ішінде бөлініп шығатын болады, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс кулуарында тілшілердің сұрағына берген жауабында айтты. Министрдің сөзінше, қазір жұмыс жүріп жатыр. Қазір 2024-2026 жылға арналған республикалық бюджет Мәжілістің қарауына енгізілген. 11 қыркүйекте оның таныстырылымы өтеді.
Біз әлі толығымен есептеген жоқпыз. Себебі, өздеріңіз де білесіздер, жұмыс енді ғана басталды. Жолдауды орындау бойынша тапсырмалар талқыланып жатыр. Жаңа министрліктерді бір айдың ішінде бөлеміз. Ол да – біршама жұмыс. Сосын қосымша шығындарды есептейміз. Қазір 2024-2026 жылға арналған республикалық бюджет Мәжілістің қарауына енгізілді. 11 қыркүйекте оның таныстырылымы өтеді, сол кезде егжей-тегжейлі түсіндіретін боламыз, – деді Ерұлан Жамаубаев.
Сонымен қатар, министр жаңа министрліктерді мейілінше қазір бар қаржы аясында бөлу позициясы басшылыққа алынатынын жеткізді.
Жаңа министрлік десек те, олар бұрынғы министрліктерден бөлініп шығып отыр. Сондықтан біздің позициямыз – оларды бар қаражат аясында бөлу. Әр министрлікті өз саласына байланысты қарастырылған шығындарға қарай бөлуге болады, ал әкімшілік шығыстарды адам санына қарай бөлетін боламыз, – деді Ерұлан Жамаубаев.

Серіктес жаңалықтары