Оқушылар арасында алғаш рет «Ақындар айтысы» байқауы өтеді

Оқушылар арасында алғаш рет «Ақындар айтысы» байқауы өтеді

Оқушылар арасында алғаш рет «Ақындар айтысы» байқауы өтеді
ашық дереккөзі
51969
11 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында бірінші тоқсан бойы «Ақындар айтысы» суырып салма ақындар мүшәйрасы өтеді, деп хабарлады turkystan.kz. Байқау «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткізілуде.
«Бұл жоба Қазақстанның ұлттық өнерін, мәдениетін және мұрасын қолдау мен дәріптеуге арналған. Қазірдің өзінде Қазақстан бойынша жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру мақсатында «Ақындар айтысы» ашық сабақтары басталып кетті», - делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.
Бұл байқаудың мақсаты – айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу, баға жетпес мәдени мұрамызды шешендік өнер арқылы таныту, балаларды ұлттық рух пен отансүйгіштік, өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет білдіруге тәрбиелеу, дарынды шығармашыл жастарды анықтау. Айта кетсек, «Ақындар айтысы» байқауы мұндай кең көлемде елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл ауқымды республикалық акция еліміздегі барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге бағытталған және білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, ақындар дәстүрін жалғастыруға ынталандырады.

Серіктес жаңалықтары