Жер қойнауын пайдаланушыларға тағы бірқатар құқық берілмек

Сонымен қатар құрлықтағы барлау жұмыстарын жүргізу кезеңінде барлау жобаларын әзірлеу және бекіту кезіндегі хабарлама жасау тәртібін енгізуді ескере отырып, геологиялық барлау жұмыстарына жедел көшу қарастырылған

Жер қойнауын пайдаланушыларға тағы бірқатар құқық берілмек
gmk.center
719

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске бірқатар өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды turkystan.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Рұқсат етілген жұмыс түрлерінің тізіміне ұңғымаларды қайта ашу, объектілерді опробациядан және сынақтан өткізу де кіреді. Оларды іске асыру экологиялық сараптамадан өткеннен кейін бекітілген кен орнын игеру жобасының негізінде рұқсат етіледі. Осы және өзге де толықтырулар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне енгізіледі.

Бүгін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауының барлық учаскесінен бас тарту туралы өтініш берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасын бекіту және ұсыну, базалық жобалау құжаттарына тәуелсіз сараптама ұйымдастыруға және жүргізуге арналған шығындарды өтеу жөніндегі міндеттемелері де көзделген, – деді комитет төрағасы Еділ Жаңбыршин.

Тағы бір түзету жер қойнауын пайдаланушыға келісімшарттық міндеттемені орындамағаны үшін айыппұл төлемей, барлау кезеңінде сейсмикалық барлау нәтижелері бойынша келешегі жоқ ұңғыманы бұрғылаудан бас тарту құқығын береді. Ол үшін сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізіп, барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап үш жылдан кешіктірмей тиісті өтініш беруі қажет. Сонымен қатар құрлықтағы барлау жұмыстарын жүргізу кезеңінде барлау жобаларын әзірлеу және бекіту кезіндегі хабарлама жасау тәртібін енгізуді ескере отырып, геологиялық барлау жұмыстарына жедел көшу қарастырылған. Бұдан бөлек жер қойнауын пайдалану құқығына ауыртпалық салуға рұқсат берудің жеке тәртібі және оны беру мерзімін он бес жұмыс күніне дейін қысқарту және басқа да түзетулер енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары