Қанша адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді?

Бюджеттен 65,4 млрд теңге бөлінді.

Қанша адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді?
1122

1 қыркүйектегі жағдай  бойынша, 106,7 мың отбасындағы 559,8 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы үшін бюджеттен 65,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады turkystan.kz.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

«Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды», - делінген Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 172,9 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

Қазір қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

 

Серіктес жаңалықтары