Танымал әнші концертін бір сағат қалғанда кейінге шегерді

Тыңдарманы арасында наразылық тудырған әнші келесі күні мұның себебін түсіндірді.

Танымал әнші концертін бір сағат қалғанда кейінге шегерді
1142

Танымал әнші Эд Ширан «+–=÷×» (Mathematics) деп аталатын әлемдік турнесі аясында Лас-Вегаста (АҚШ) өтпек болған концертін кейінге шегерді. Бұл туралы New York Post хабарлады.

Әнші әлеуметтік желідегі жеке парақшасына концерттің басталуына бір сағат қалғанда кейінге шегерілетінін жазып, тыңдарманынан кешірім сұрады. Концерт 28 қазан күні өтеді.

Тыңдарманы арасында наразылық тудырған әнші келесі күні қауіпсіздік жүйесінде кедергілер туындағанын айтып, ән кешін неліктен қазан айына шегергенін түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары