Қарағандыда шаурмадан уланып қайтыс болғандар туралы ақпарат тарады

Жұртшылық қайғылы оқиға Қарағандыда болды деп болжаған.

Қарағандыда шаурмадан уланып қайтыс болғандар туралы ақпарат тарады
Фото: pulse.mail.ru
1336

Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желіде шаурма жеген адамдардың уланып, қайтыс болғанына қатысты видеоға пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.

Жұртшылық қайғылы оқиға Қарағандыда болды деп болжаған. Видеода дәрігер халатын киген ер адам 23 жастағы қыздың шаурма жеп көз жұмғанын айтады. Оның сөзінше, тағы 14 адам уланып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Шаурмадан кейін уланып, адамның қайтыс болып, 14 адамның ауруханаға жатқызылуы туралы жарияланымға қатысты бұл факті Қарағанды ​​қаласы мен облыс аумағында тіркелмегенін хабарлаймыз. Тексерілмеген деректерді жарияламауыңызды сұраймыз. Жаппай улануға қатысты жағдай жауапты мемлекеттік органдардың бақылауында», - деп хабарлады министрлік.

 

Серіктес жаңалықтары