«Ұлы дала жорығы»: Алматы облысының шабандоздары мәреге бірінші жетті

100 шақырымды 12 команда еш қиындықсыз өткерді.

«Ұлы дала жорығы»: Алматы облысының шабандоздары мәреге бірінші жетті
1110

Кеше «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің сегізінші кезеңі аяқталды. Шабандоздар белгіленген маршруттың 750 шақырымын жүріп өтті. Сегізінші кезең қорытындысы бойынша, Алматы облысының командасы жеңімпаз атанды. Бұл жолы жетісулық шабандоздар мәре сызығына екінші болып келсе, Қостанай облысының командасы үшінші болып жетті.

Марафонның бас ветеринары Ольга Гробер жорыққа жаңадан қосылған аттарға баға беріп, шабандоздарға қажет кеңес айтты.

«Жорықтың 8-кезеңін басқа аттармен бастадық. Барлығының дерлік жағдайы жақсы, кезекті 100 шақырымды 12 команда еш қиындықсыз өткерді. Қатысушыларға айтарым, қатты шабудың қажеті жоқ. Ақырын жүріп, анық басқан абзал. Ондайда су беру өте маңызды. Таңертең бәйге басталмай жатып, аттардың жай-күйін тексереміз. Бірінші 50 шақырымды бағындырған соң толыққанды медициналық тексеруден өтеді. Жүрек соғысының жиілігі  секундына 64-тен жоғары болмауы керек», – деді О.Гробер.

Тағы бір ескерер жайт, жарыстан шығып қалған кейбір команданың мүшелері Түркістанға жеке-дара жетуге ниетті. Атап айтқанда, Астана қаласы, Маңғыстау, Жетісу, Қостанай облыстарының шабандоздары белгіленген маршрутты жекелей жүріп өтпек. 1300 шақырымды бағындырған жағдайда оларға арнайы ынталандыру сыйлығы қарастырылмақ.

Сегіз күннің қорытындысы бойынша командалардың жалпы уақыты:

Маңғыстау облысы, 49 сағат 33 минут 13 секунд

Қостанай облысы,  51 сағат 30 минут 03 секунд

Ақтөбе облысы, 51 сағат 43 минут 44 секунд

Жетісу облысы, 53 сағат 28 минут 44 секунд

Астана қаласы, 54 сағат 38 минут 06 секунд

Жамбыл облысы, 55 сағат 59 минут 26 секунд

Алматы қаласы, 56 сағат 33 минут 18 секунд

Абай облысы, 58 сағат 14 минут 35 секунд

Алматы облысы, 60 сағат 46 минут 52 секунд

Түркістан облысы, 60 сағат  48 минут 51 секунд

Қарағанды облысы, 64 сағат 34 минут 41 секунд

Ұлытау облысы, 79 сағат 53 минут 35 секунд

Серіктес жаңалықтары