Оралда ер адамдар қабырғадағы тесіктен әйелдер түрмесіне кірген (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде Оралдағы уақытша ұстау изоляторынан түсірілген видео тарады.
Апатты жағдайда тұрған Оралдағы тергеу изоляторында тұтқындар қабырғадағы үлкен саңылау арқылы әйелдер камерасына қалай өтуге болатынын көрсетіп, видео түсірген, деп хабарлады turkystan.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Оралдағы №74 мекемеде (уақытша ұстау изоляторы) түсірілген видео таралды. Видеода ер адамның қабырғадағы саңылаудан басқа бөлмеге өткенін көруге болады. Оны басқа адам сыртынан түсіріп тұр.
Видео авторы сотталғандар ескі ғимараттың қабырғасынан осылай саңылау жасап алып, әйелдер камерасына кіреді деп жазды.
Басшылық тарапынан бақылау мүлдем жоқ. Қашқандар осылай қашады. Министр мырза, қандай да бір шаралар қабылдаңыз, - делінген жазбада.
Сондай-ақ, видеода жас жігіт сотталғандарды, тексеру және тінту жүргізуге арналған журналды көрсетеді.