Алматы облысында әйелді екі баласымен өлтіріп, өртеп жіберген

Ащыбұлақ ауылында болған өрттен кейін әйел мен оның екі баласының мәйіті табылды.

Алматы облысында әйелді екі баласымен өлтіріп, өртеп жіберген
фото: ашық дереккөз
800

Әйел денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар, деп хабарлады turkystan.kz.

14 қыркүйек күні сағат 23:24-те Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінде болған өрттен кейін әйел мен оның екі кәмелетке толмаған баласының мәйіттері табылғаны туралы ақпарат келіп түсті.

«Аталған факті аудандық ішкі істер органдарына ҚР ҚК 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша тіркелді. Қазір күдіктіні жедел іздестіріп жатыр. Аудандық полиция бөлімшелері мен көршілес облыстардың жол полициясына хабарлама берілді», - деді Алматы облысы бойы ПД басшысы Бауыржан Әленов.

Полицейлер соңғы процессуалдық шешім шығуы үшін барлық қажет сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр. NeMolchi.kz қорының хабарлауынша, үш мәрте айуандықпен өлтірген деген күдікпен марқұм әйелдің серіктесі іздестіріліп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары