Елімізде автокөліктердің саны 5 млн-нан асты

Бір жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда көлік саны 15% өскен.

Елімізде автокөліктердің саны 5 млн-нан асты
kapital.kz
882

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 015,2 мың бірлікті құрады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда көлік саны 15% өскен.

Оның ішінде 87,9% – жеңіл автомобильдер, 10% – жүк автомобильдері, 2,1% – автобустар.

«Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санының ең үлкен үлесі, яғни 45,1%-ның қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 текше см. дейінгі жеңіл автомобильдер, қозғалтқыш көлемі 1500 текше см. дейінгі көлік үлесі – 18,1%, қозғалтқыш көлемі 2000-нан 2500-ге текше см. дейін – 17,3%, қозғалтқыш көлемі 2500-ден 4000 текше см. дейін – 15,1%, 4000 текше см. жоғары – 1,9%», - делінген хабарламада.

Қозғалтқыш көлемі 1500-2000 текше см.-ге дейінгі жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 223 мың бірлік, Алматы қаласында – 200,7 мың бірлік, Астана қаласында – 153,7 мың бірлік, Қарағанды облысында-151 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облысында – 137,4 мың бірлік.

Жүк автомобильдерінің ішінде қомақты үлес қозғалтқыш көлемі 4000 текше см. жоғары жүк көліктеріне тиесілі (тіркелген жүк автомобильдерінің жалпы санының 72%).

Серіктес жаңалықтары