Жетісу облысында көлік жылқыға соғылып, бір адам қаза тапты

44 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды

Жетісу облысында көлік жылқыға соғылып, бір адам қаза тапты
1053

Жетісу облысында жолға шауып шыққан жылқы адам өліміне себеп болды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты 15 қыркүйек күні таңертең Алматы - Өскемен автожолының 136-шақырымында болған.

«Honda Element автокөлігі жолға кенеттен шауып шыққан жылқыға соғылған. Көліктің салонында болған 44 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полицейлер жылқының иесін анықтау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары