Шымкентте жанармай ұрлаған адам видеоға түсіп қалды

Ер адамды полицейлер бейнебақылау камерасынан байқап қалған.

Шымкентте жанармай ұрлаған адам видеоға түсіп қалды
1990

Шымкентте жанармай құю бекетінен дизель ұрлаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жанармай құю бекетінен канистр көтеріп өтіп бара жатқан ер адамды полицейлер бейнебақылау камераларынан байқап қалған. Оқиға орнына бірден жедел басқару орталығының кезекші инспекторлары мен Абай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жіберілді.

Жақындап келе жатқан полиция көлігін көрген күдікті дизель отынының канистрлерін шөпке тығып қойған. Содан көлігінің капотын ашып, оны жөндеп жатқандай кейіп танытыпты.

«Күдікті полиция басқармасына жеткізілді. Сол жанармай құю бекетінде газ құюшы болып жұмыс істейтін ер адамда қойманың да кілті болған. Ұрлық жайтын Абай аудандық полиция бөлімінің анықтаушылары тергеп жатыр. Жақында қылмыстық іс сотқа жіберіледі» - деді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

 

 

Серіктес жаңалықтары