Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Ашық дереккөз
1111

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 16-18 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктерге байланысты қолайсыз ауа райы болады, деп хабарлады turkystan.kz.

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Республиканың солтүстік бөлігінде түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.

"Солтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен бұрқасын түрінде жауын-шашын болады", – деп жазылған хабарламада.

Республиканың басым бөлігінде түнде 2-12 градус, күндіз 15-23 градус жылы болса, оңтүстік аймақта түнде 10-15 градус, күндіз 20-28 градус жылы болмақ. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендейді.

Серіктес жаңалықтары