Іздеуде жүрген ресейлік Алматыда ұсталды

34 шетелдік сот шешімімен Қазақстаннан шығарылды.

Іздеуде жүрген ресейлік Алматыда ұсталды
Ашық дереккөз
7752

Алматы қаласындағы қылмыстық ахуалды тұрақтандыру және ҚР көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау мақсатында 11 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында «Жалдамалы» шарасы өтіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Мегаполисте 4 күн ішінде 695 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды. Шара барысында Алматы полициясының қызметкерлері РФ Самара облысының іздеуде жүрген 1992 жылы туған қылмысқа қатысы бар ер адамды ұстады.

«Қазақстан Республикасы аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін 209 шетелдік жауапкершілікке тартылса, шетелдіктердің ҚР аумағында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 122 қабылдаушы заңды және жеке тұлғаға айыппұл салынды. Сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 206 шетел азаматы ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды. 34 шетелдік сот шешімімен Қазақстаннан шығарылды», - деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Серіктес жаңалықтары