Екібастұз тұрғыны медбике болу үшін жалған диплом жасатқан

Бүгінде облыстық Полиция департаменті 59 жалған құжатты тіркеген.

Екібастұз тұрғыны медбике болу үшін жалған диплом жасатқан
Tengrinews.kz/Турар Казангапов
3217

Екібастұзда қала тұрғыны медбике мамандығы бойынша жұмысқа орналасу кезінде медициналық қызмет және клиникалық практикаға қабылдау үшін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Қарағанды облыстық жоғары медбикелер колледжі берген дипломды қолдан жасаған, деп хабарлады turkystan.kz Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық кодекстің 385-бабы («Құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе сату») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Павлодар облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рашад Өтеуов.

Осы бап бойынша кінәлі деп танылғандарға 2 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Облыс тұрғындары құжаттардың барлық түрін, атап айтқанда, балалардың туу туралы куәліктерін, келісімшарттарды, анықтамаларды, куәліктерді, көлік пен мүлік құжаттарын, оның ішінде жоғары білім туралы дипломдарды қолдан жасайды.

Серіктес жаңалықтары