1495
Елордадағы көпірдің бірінде 1 ай бойы көлік қозғалысы шектеледі
Бұл ретте көпірдің бір жағындағы қозғалыс екі бағытта да ұйымдастырылады.
Астанада Ұлы Дала көшесіндегі көпірде бір ай бойы көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлады turkystan.kz.
Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлы Дала даңғылындағы көпірдегі деформациялық тігістің негізін жөндеу жұмыстары жүргізілгені туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты 16 қыркүйек пен 15 қазан аралығында жоғарыда аталған көпір арқылы автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады», – делінген хабарламада.