1743
18 жастағы қазақстандық спортшы Тунистегі турнирдің жеңімпазы атанды
Аружан Сағындықова маңызды жеңісіне қол жеткізді.
Қазақстандық спортшы, 18 жастағы Аружан Сағындықова Монастир (Тунис) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Әлемнің 829, осы жарыстың 3-ракеткасы А.Сағындықова финалда дүниежүзілік рейтингте 1 253-орында тұрған үндістандық Вайшнави Адкармен чемпиондық атаққа таласты.
Бірінші партия тартысты болып, тай-брейкте Аружан сәтті ойнады - 7:6 (8:6).
Екінші сетте қазақстандық жас теннисші қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ - 6:0.
Сөйтіп, Аружан Сағындықова маңызды жеңісіне қол жеткізді.