«Көмегім дайын»: Ұлықпан Жолдасов түрмеден шыққан Мұрат Әбділдәні іздеп жүр

Танымал әнші Ұлықпан Жолдасов Мұрат Әбділдәға әлеуметтік желі арқылы іздеу салды.

«Көмегім дайын»: Ұлықпан Жолдасов түрмеден шыққан Мұрат Әбділдәні іздеп жүр
2973

Бұл туралы әнші Ғаділбек Жанай TikTok-тағы жеке парақшасында бөлісті.

«Сондай бір жақсы хабар естіп жатырмыз «шықты» деген. Шығып жатсаң, хабарлас! Астанаға кел. Әндеріңді шығарайық. Біраз ән жазып тастапсың түрмеде отырып. Көмегім дайын. Іздеп таба алмай жатсаң, Ғаділбекке жаз», - деді әнші Мұрат Әбділдәға іздеу салып.

Еске сала кетейік, түркістандық блогер Мұрат Әбділдә 2022 жылы әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырды деп 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол көпшілікке әндерінен бөлек, желідегі эфирде былапыт сөздерімен танымал болған-тын. Жазасын өтеп жүргенінде «Енді ешқашан ешкімді балағаттамаймын» деп сұхбат берді.

Серіктес жаңалықтары