Орман шаруашылығында жұмыс істейтін 4,5 мың қызметкерге үстемеақы төленеді

Мемлекеттік сатып алу мониторингінің қорытындысы бойынша 853 млн теңге көлемінде үнемделген сома анықталды

Орман шаруашылығында жұмыс істейтін 4,5 мың қызметкерге үстемеақы төленеді
Liter.kz
2073

Орман шаруашылығының штаттан тыс қызметкерлерінің жалақысына үстемеақы қосылады, деп хабарлады turkystan.kz.

1 шілдеден бастап орман шаруашылығы саласындағы штаттық қызметкерлердің жалақысы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес көтерілген.

«Қосымша үстемеақы штаттық қызметкерлерге қарастырылған. Себебі мүдделі мемлекеттік органдармен келісу барысында қаулы ережелеріне сәйкес штаттан тыс қызметкерлерге үстемақы тағайындау мәселесі қолдау таппады. Өйткені, олар сала мамандары емес», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрлікте жүргізілген мемлекеттік сатып алу мониторингінің қорытындысы бойынша 853 млн теңге көлемінде үнемделген сома анықталды.

«Осыған байланысты, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев аталған қаражатты 1 шілдеден бастап жалақысы көтерілгендер санатына кірмеген қызметкерлердің еңбегіне қосымша ақы төлеу үшін пайдалануды тапсырды, үстемеақы 4 539 қызметкерге тағайындалмақ», - делінген хабарламада.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары