Жезқазғанда ер адам танысын пышақтап тастаған

Жарақат алған азамат медицина мекемесінде қайтыс болды.

Жезқазғанда ер адам танысын пышақтап тастаған
Sputnik
1219

Жезқазған полицейлері танысының өліміне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Жезқазған қалалық ПБ-ға үйлердің бірінің ауласында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы бірнеше пышақ жарақатын алған 35 жастағы ер адамды тапты.

«Жәбірленуші есін жимастан медициналық мекемеде қайтыс болды. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полицейлер күдікті 29 жастағы қала тұрғынын анықтады. Ұсталған азамат бұрын таныс болған жәбірленушімен кафеде сөзге келіп, жанжалдасқанын мойындады. Жанжал көшеде жалғасып, күдікті қарсыласына бірнеше рет пышақ салып, оқиға орнынан қашып кеткен», - делінген хабарламада.

Қылмыс құралы тәркіленді. ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 

Серіктес жаңалықтары