Жетісу облысында қайғылы жағдай болды
Жол апаты республикалық трассаның 400-шақырымында болған.
Жетісу облысында Алматы – Өскемен тас жолында жүк көлігі аударылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Жол апаты республикалық трассаның 400-шақырымында болған. Жүк көлігін 23 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны басқарған. Алдын ала болжам бойынша, ол ауыр жүк көлігін басқара алмай қалған. Салдарынан жүк көлігі аударылып, оның жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
«Қазір бұл факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР ҚК-нің 345-бабында (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деді Полиция департаментінен.
Полиция жүргізушілерді жол қауіпсіздігі талаптарын ескеріп, жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.