Ауа райы: 19 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Ауа райы: 19 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөз
773

Ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман түседі деп болжанады.

Павлодар облысының шығысында найзағай ойнайды, түнде облыстың оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Қызылорда облысының орталығында, батысында найзағай ойнайды. Облыс орталығында, батысында солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с болады. Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі бар. 

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең өңірдің солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында найзағай ойнауы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың шығысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15 м/с.

Таңертең және түстен кейін Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды.

Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын желдің найзағай кезіндегі екпіні – 15-20 м/с. Қостанайда түнде және таңертең тұман түседі деген болжам бар.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суыққа дейін төмендейді деп болжанады. 

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы ауданы мен тау бөктерінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы ауданы мен тау бөктерінде 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады.

Шымкентте күндіз найзағай ойнап, күн бұлтты болады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары. Түркістанда күннің екінші жартысында найзағай ойнап, күн бұлтты болады деп болжанады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

 

Серіктес жаңалықтары