2091
Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді
Жерасты дүмпуі Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциясында 19 қыркүйекте 06:57-де тіркелген.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкнісінің эпицентрі Алматының шығысында 149 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,3. MVP магнитудасы – 4,6.
Еске салсақ, 5 қыркүйекте қазақстандық сейсмологтар Қырғызстан аумағында болған жер сілкінісін тіркеген еді.