760
Прокуратура 643 млн теңге жымқырған «Қазақтелеком» есепшісі туралы мәлімдеме жасады
Алматыда «Қазақтелеком» АҚ филиалының есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды
Алматы қаласының прокуратурасы қылмыстық іс Алмалы аудандық сотына жолданғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Есепші 2015-2022 жылдар аралығында негізсіз аударымдар арқылы 643 млн теңгеден астам сомаға ақша ұрлады деп айыпталуда», - делінген хабарламада.