«Түрмеде отыратын едім»: Сейфуллин Жолбарыс Бақыт Шадаевамен болған дауға нүкте қойды

Оның айтуынша, Бақыт Шадаеваның айтқаны жалған, араларында ешқандай талас болмаған

«Түрмеде отыратын едім»: Сейфуллин Жолбарыс Бақыт Шадаевамен болған дауға нүкте қойды
фото: newsroom.kz
2994

Әнші, композитор Сейфуллин Жолбарыс «Ұйқым келмейді» бағдарламасында өнердегі әріптесі Бақыт Шадаевамен болған жанжалға пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Мұның бәрі бос әңгіме. Арамызда ешқандай үй де, талас та болған жоқ. Бақыт хайп жасағысы келген шығар. Біз кезінде бірге көп жұмыс жасағанбыз. Мұндай ойды оған жанында жүрген продюсерлері салды деп санаймын. «Үйімді тартып алды, ақшамды бермей қойды» деген жалған әңгіме. Ешкім ешкімге қарыз емес. Егер расымен мен Бақытқа қарыз болсам, қазір түрмеде отыратын едім. Сондықтан алаяқтық та, басқасы да болған жоқ. Еңбек еткенім рас, Бақыттан ешқашан үй алған емеспін», – дейді Сейфуллин Жолбарыс екеуара дауды жоққа шығарып.

Сондай-ақ ол Шадаевамен мүлдем араласпай кеткенін атап өтті.

«Екеуміз араласа алмаймыз.  Шығармашылықта да екеуміздің жолымыз екіге айырылды», – дейді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Шадаева Сейфуллин Жолбарыс үйін тартып алып, ақшасын бермей қойғанын есіне алды. Өзінің зардап шеккенін айтқан Бақыт Шадаеваның өнердегі әріптесімен ара қатынасы нашарлап кеткен.

Серіктес жаңалықтары