«Үш айда 25 келі»: тележүргізуші артық салмақ тастауының сырын айтты

Тележүргізуші еңбек пен мотивацияның, мамандығына деген сүйіспеншілігінің арқасында артық салмақтан арылған

«Үш айда 25 келі»: тележүргізуші артық салмақ тастауының сырын айтты
sport-express.ru
962

Журналист, тележүргізуші Аман Тасыған артық салмақтан арылудың жолын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына әріптесі Аман Тасыған шағын сұхбат берді. Сұхбат тақырыбы – артық салмақтан арылудың әлегі. Ләйлә Сұлтанқызының: «Не себепті салмақ тастағың келді?» деген сауалына Аман Тасыған: «Телевидениеге деген махаббат. Алға мақсат қойдық, күрестік. Үш айда 25 келі салмақ тастадым. Осыдан 10 жыл бұрын. Артық салмақтан таңғы жаттығудың, жүру және диетаның, яғни дұрыс тамақтанудың арқасында арылдым. Бұрын 90 келі едім, соңғы бес жылда 73 келі салмақты ұстап тұрмын», – деп жауап берді Аман Тасыған.

Stan.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, тележүргізушінің салмақ тастауына мотивация берген әріптесі Ләйлә Сұлтанқызы екен.

«Қазір артық жеп қойсаң да, салмақ қоспайсың ба?» деген сұраққа Аман Тасыған: «Жоқ, менде күнде күрес» деп жауап берді. Ет жеймін, бірақ нан, тәтті, газдалған сусын ішпеймін. Абай атамыз: «Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» десе, мен «толтырар адам баласын» дер едім. Өйткені қозғалыс болмаған соң адам толып кетеді. Досым, әріптесім Ерқанат Көпжасарға салмақ таста деп кеңес берер едім. Кішкене жиналу керек”, – деді тележүргізуші.

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, артық салмақтан арылу ерік-жігер мен қажырлы қайратты талап етеді. Сондай-ақ ол осы мәселеге қатысты сұрақтарға жауап бере алатынын да айтты.

«Армандар әрекетке әкеледі. 3 айда - 25 келі. Аман Тасығанды көрмегелі біраз болып еді. Әңгімелесіп үлгердік. Айтпақшы, әріптесім біраз салмақ тастады. Еңбек пен мотивацияның, мамандығына деген сүйіспеншілігінің арқасында. Артық салмақпен әбден алысып, түбі жеңген адамдардың сөзі. Формуласын айтайын ба? Спорт, дұрыс тамақтану, шыдамның нәтижесі – сіз армандаған фигура. Артық салмақ тастаудың жолын білмей жүрсеңіздер, бізден сұраңыздар», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Серіктес жаңалықтары