1413
Бір бөлме – 8 шаршы метр: үй иесі пәтерін 25-ке бөліп жалға берген
Жертөлені, шатырды, терезелері жоқ қосалқы бөлмелерді, гаражды үй ретінде жалға беру жиілеп кеткен.
Польшада үй иесі пәтерін 25-ке бөліп жалға берген, деп хабарлайды turkystan.kz natemat.pl-ге сілтеме жасап.
Осылайша, бір пәтерден 8 шаршы метрлік бір бөлмелі, 16 шаршы метрлік 2 бөлмелі, 2 ас үйі мен 4 дәретханасы бар 25 бөлмелі пәтер шыққан.
Үй иесінің кірісі, кем дегенде 6000 доллардан басталған.
Жергілікті БАҚ жазуынша, бұл елдегі пәтерді жалға беру нарығындағы күрделі жағдайдың нақты мысалы болып отыр. Жертөлелерді, шатырларды, терезелері жоқ қосалқы бөлмелерді, гараждарды үй ретінде жалға беру жиілеп кеткен.