2848
Ұшақ жолаушыларының салмағы өлшенеді
Жолаушыларының салмағы қауіпсіздік мақсатында өлшенеді
Таиландтық Bangkok Airways әуекомпаниясы ұшаққа отырғызу алдында жолаушылардың қол жүгімен бірге салмағын өлшей бастады, деп хабарлады turkystan.kz Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.
Bangkok Airways қыркүйектің 15-нен қазанның 31-не дейін өз клиенттерінің орташа салмағы туралы мәліметтерді жинайды. Мұндай мәліметтер ұшақтың әуеге көтерілетін кезінде максималды массадан аспайтынын дәлелдеу үшін қажет екен.
Әуекомпания өкілдері зерттеудің қауіпсіздік үшін жасалынып жатқанын айтқан.
«Біз мәліметтердің құпия түрде сақталалатынын және тек жолаушылар мен оның жүгінің салмағын білу мақсатында пайдаланылады», - делінген хабарламада.