1029
23 қыркүйекте онкологтар тегін кеңес береді
Акция барысында барлық ниет білдірушілер онкогинекология бойынша тегін консультация алады
23 қыркүйекте еліміздің мемлекеттік онкологиялық ұйымдарында халық үшін бірыңғай Ашық есік күні өтеді деп хабарлады turkystan.kz.
Іс-шара бас және мойын ісіктерін ерте диагностикалау апталығы, гемобластоз туралы хабардарлықты арттыру апталығы, сондай-ақ гинекологиялық обыр туралы хабардарлықты арттыру айлығы шеңберінде өткізіледі.
Акция барысында онкологтар бас пен мойынның локализациясы және онкогинекология бойынша барлық ниет білдірушілерге тегін консультация береді.
Толық ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан алуға болады.