Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс қозғалды

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейін басқа деректер жария етілмейді.

Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс қозғалды
orda.kz
1304

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қарсы қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады turkystan.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты «Қаңтар оқиғалары» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, – деп хабарлады Бас прокуратура.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейін басқа деректер жария етілмейді.

Сонымен қатар, прокуратура Конституция нормаларына сәйкес заң мен сот алдында бәрі тең екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары