Қайрат Нұртас Гауһар Әлімбекованың «Келінге өсиет» әнін айтып, жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

Бұл ән көрерменге Гауһар Әлімбекованың орындауында жақсы таныс.

Қайрат Нұртас Гауһар Әлімбекованың «Келінге өсиет» әнін айтып, жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)
Фото: ticketon.kz
2877

Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртастың «Келінге өсиет» әнін орындаған видеосы пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz

Әнді тыңдаған оқырман пікірі екіге жарылған. Бірі әншінің жаңаша бағытта орындағанын құп көрсе, енді бірі бұл әнді Гауһар Әлімбекова сияқты ешкім орындай алмайтынын айтқан.

Айта кетейік, «Келін түсті салты ғой бұрынғының, Бiздiң үйге бiрi ендi-ай бұрымдының» деп басталатын ән көрерменге Гауһар Әлімбекованың орындауында жақсы таныс. Бұл әнді келін түсіріп, қуанышқа бөленіп жатқан әр үйден естуге болады.

 

 

Серіктес жаңалықтары