Абай облысындағы Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды

Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылының тұрғыны сібір жарасы ауруына шалдықты деген күдікке ілінді.

Абай облысындағы Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды
1969

Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Науқас ПТР тестінен өтті, қазіргі уақытта ауру расталмады.Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс облыстық комиссияның отырысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

Қазір Жетіжар ауылының кіреберісіне санитарлық бекет орнатылып, ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды. Сондай-ақ, жағдайдың себептерін анықтау үшін аудиторлық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары