Асхат Тағыбергенге тіл тигізген ақтөбелік блогер жазаланды

Ақтөбелік жанкүйерлер ойын біткен соң Асхат Тағыбергенге бейәдеп сөздер айтқан.

Асхат Тағыбергенге тіл тигізген ақтөбелік блогер жазаланды
kpl.kz
1508

Өткен аптада «Ақтөбе – Ордабасы» (2:1) командаларының кездесуінен соң ұлттық құраманың әрі шымкенттік клубтың капитаны Асхат Тағыбергенге тіл тигізген блогер жазаланды, деп хабарлады turkystan Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Асхат Тағыбергенге тіл тигізген ақтөбелік блогер «Ақтөбе» клубының өз алаңындағы ойындарына аккредитация жасау құқынан айырылады.

«Ол блогердің есімі – Нұрбол. Ол бұдан былай өз алаңымызда өтетін ойындарға блогер ретінде қатыса алмайды. Бұл туралы Рымбек Ізғали YouTube подкастта айтты. Ізғали бұл мәселе туралы «Ақтөбе» клубының медиа-офицері Әсетпен сөйлестім деді», – делінген «Серый CARDINAL» телеграм арнасында.

Естеріңізге сала кетейік, «Ақтөбе» мен «Ордабасы» клубтарының арасындағы кездесуден соң ақтөбелік жанкүйерлер қарсылас команданың жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергенге бейәдеп сөздер айтқан. Ойын біткен бойда ақтөбелік блогердің Асхатпен ұрысқан сәті видеоға түсіп, желіде таралып кетті.

Бұған дейін Асхаттың әйелі Махаббаттың бұл іске қатысты пікірін жариялаған едік.

Серіктес жаңалықтары