Маңғыстау облысында кәсіпкерлерді бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды

Қылмыстық топтың көшбасшысы мен 3 қатысушысы ұсталды

Маңғыстау облысында кәсіпкерлерді бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
1391

18 қыркүйекте Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура және полиция органдарының атсалысуымен бопсалауға, ауыр дене жарақатын салу мен заңсыз қару сақтауға күдікті топтың жолын кесті, деп хабарлады turkystan.kz.

Операция кезінде топтың көшбасшысы мен 3 қатысушысы ұсталып, атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.

«Қолда бар деректерге сай, олар физикалық түрде жәбір көрсету қаупімен, облыстық және халықаралық жолдарында жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерден ақшалай қаражаттар талап еткен», – делінген хабарламада.

Шабуылға тап болған жәбірленушілер, олардың арасында лауазымдық міндеттерін атқаруда болған шекара қызметінің әскери қызметкері анықталған.

Соттың санкциясымен құрықталған тұлғаларға қамауда ұстау түріндегі шарасы қолданылды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары