Ресейде 24 жыл іздеуде болған ер адам Ақтөбеде ұсталды

Өз елінде 24 жыл іздеуде жүрген 56 жастағы ресейлік азамат ұсталды

Ресейде 24 жыл іздеуде болған ер адам Ақтөбеде ұсталды
nur.kz
1108

Ақтөбе полицейлері ресейлік құқық қорғау органдарынан 24 жыл бойы жасырынған қылмыскерді ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері үш адамды өлтіргені және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін өз елінде іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 56 жастағы азаматын ұстады.
 

«Ол 1999 жылдың күзінде Орынбор қаласында адамдар тобымен (бұрын сотталған және ұсталған 3 адаммен) алдын ала сөз байласып, қаржылай пайда табу мақсатында 3 азаматқа қарақшылық шабуыл жасап өлтірген және қылмыс іздерін жасыру үшін олардың мәйіттерін өртеп, көміп тастаған», - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.



Қазіргі уақытта ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешілуде.

 

 

Серіктес жаңалықтары