Тараздағы мектепте жарылыс болып, үш адам 3-қабаттан секіріп кеткен

Үш адам 12 метр биіктіктен секірген.

Тараздағы мектепте жарылыс болып, үш адам 3-қабаттан секіріп кеткен
qaz365.kz
1545

Тараз қаласындағы мектепте жарылыс болды, деп хабарлады turkystan.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Мектептегі жарылыс туралы ақпаратты жергілікті журналист Нурадин Рақай таратты. Оның айтуынша, үш адам жарылыс болған бетте 3-қабаттан секіріп кеткен. Екі адам уланып қалған.

«Сырлайтын бояу атылып кетті деген әңгіме тарап жатыр. Оқиға Шона Смаханұлы атындағы 44 мектепте түнгі сағат он екі шамасында болған. Жалпы Тараз қаласында жеті мектеп жаңа оқу жылында бітпей қалған еді. Құрылысы кешіккен мектептердің бірі осы. Бұл жерде оқитын балалар қазір үш мектепке қатынап оқиды. Жарылыс түнгі сағат он екіде болған. Осы жерде жүрген жас қыздар үшінші қабаттан секірген. Олар жансақтау бөлімінде жатыр. 12 метрден биіктіктен секірген, сүйегі, бел омыртқасы, жамбасы сынған», - деді ол. 

Ресми органдар болған оқиға жайлы әлі мәлімет таратқан жоқ.

Серіктес жаңалықтары