Қарабақтағы жағдай: Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі мәлімдеме жасады

Елші Әзербайжан тарапының Қарабақтағы армян халқының өкілдерімен кездесу өткізуге бағытталған бастамасын құптайтынын айтты

Қарабақтағы жағдай: Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөз
5689

Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел әлеуметтік желідегі парақшасында Қарабақтағы қақтығысқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Елші Әзербайжан тарапының Қарабақтағы армян халқының өкілдерімен кездесу өткізуге бағытталған бастамасын құптайтынын айтты.

Әзербайжан тарапының Қарабақтағы армян халқының өкілдерімен кездесу өткізуге бағытталған бастамасын құптаймыз. Қалыптасқан жағдай Әзербайжан Республикасының халықаралық деңгейде мойындалған шекаралары шеңберінде бейбіт диалог арқылы жуық арада реттеледі деп үміт білдіреміз. Оңтүстік Кавказда бейбітшілік және өзара тиімді ынтымақтастық атмосферасының орнауы, барлық коммуникациялардың ашылуы өңірдегі барлық елдердің мүддесіне сай келеді деген пікірдеміз, - деді Байел.

 

 

Серіктес жаңалықтары