Павлодарда жейдесінің жеңімен әйелді өлтірген ер адам 11 жылға сотталды

Бір ай бұрын танысқан әйелді павлодарлық ер адам жейденің жеңімен тұншықтырып өлтірген

Павлодарда жейдесінің жеңімен әйелді өлтірген ер адам 11 жылға сотталды
aikyn.kz
868

Павлодарда әйелді жейдесінің жеңімен тұншықтырып өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Рavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, оқиға «Строитель» саяжайында болған.

Сот маусым айында күдікті жанжал негізінде бір ай бұрын танысқан әйелді жейденің жеңімен тұншықтырып өлтіргенін, кейін 74 500 теңге тұратын мүлкін ұрлап кеткенін анықтады.

«Прокурор қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығы бойынша 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші мемлекеттік айыптаушымен толық келісті. Сондай-ақ талаптарды қанағаттандыруды сұрады. Ер адам кінәсін толық мойындап, соттан қатаң жазаламауды өтінді», – делінген хабарламада.

Сот 11 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Жәбірленушінің пайдасына 5 000 000 теңге өндірілді.

Серіктес жаңалықтары