«Сөйлей де, жүре де алмаймын»: Танымал әнші, композитор ауыр дертке шалдыққанын айтты

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-сазгер, композитор Рамазан Елібаев ауыр дертке шалдыққанын айтып, халықтан көмек сұрады.

«Сөйлей де, жүре де алмаймын»: Танымал әнші, композитор ауыр дертке шалдыққанын айтты
3256

Бұл туралы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Жуық арада Паркинсон ауруына шалдығып, күннен-күнге әлсіреуіме байланысты миыма ота жасалу қажет. Қомақты қаражат жинау үшін сіздерден, айналайын Қазақ халқым, көмек сұраймын! Жанұяларыңызға тек жақсылық, зор денсаулық, береке тілегім келеді, әрқашан аман-сау болыңыздар, айналайын жұртым. Алла сіздерге разы болғай!» деп жазды ол. 

Бұған дейін өнер иесі бұл ауруға шалдыққанына 15 жылдан асқанын, 2-топтағы мүгедекке айналғанын айтқан. 

«Аса ауыр, миды, жүйке жүйесін құртатын токсикалық дәрілерді ішуге тура келеді. Оларды ішпесем, тіпті сөйлей де, жүре де, тамақты да жұта алмай, қақала беремін. 2 рет өлім аузынан қалғанмын. Осыны жеңілдететін, миға арнайы құрылғы орнататын отаны туыс Түркия елінде арнайы, ірі, мықты емхана бар.

Оның  айтуынша, ота Түркия елінде жасалу керек, ал оған 29 мың доллар (шамамен 14 миллион теңге) қаражат қажет. 

 

Серіктес жаңалықтары