1292
Жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланды
Екінші жыл қатарынан Академиялық адалдық лигасы қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингін жасап, 10 үздік университеттің тізімін жариялады.
Рейтинг әдістемесі түлектердің орташа жалақысы, жұмысқа орналасу деңгейі және жұмыс іздеу ұзақтығы, сондай-ақ түлектердің сараптамалық бағасы мен мансаптық перспективалары сияқты бірқатар объективті көрсеткіштерді қамтиды. Рейтингті анықтау үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынатын университет оқу бағдарламаларының сапасы туралы ресми ақпарат пайдаланылады. Ақпаратты «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жинап, өңдейді.
Академиялық адалдық лигасының рейтинг нәтижесіне негізделе жасалған қазақстандық топ-10 университет:
- Қазақстан-Британ техникалық университеті (Орташа баға 91,59%)
- М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті (Орташа баға 91,04%)
- Қазақстан-Неміс университеті (Орташа баға 84,45%)
- КИМЭП университеті (Орташа баға 84,34%)
- Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (Орташа баға 78,20%)
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (Орташа баға 76,61%)
- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Орташа баға 72,75%)
- Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты (Орташа баға 70,57%)
- Нархоз университеті (Орташа баға 69,73%)
- М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (Орташа баға 67,75%)
Рейтинг нәтижелері ашық және кез келген қазақстандық ЖОО сілтеме арқылы өзінің ресми сайтында орналастыра алады: