Ақтөбеде көпқабатты үй өртенді
Өрттің себебі анықталуда
Ақтөбе облысында өрт сөндірушілер өрттен 25 адамды құтқарды, деп хабарлады turkystan.kz.
Қызыл жалын 21 қыркүйек күні сағат 14:09-да Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйден шыққан.
«Бірінші қабаттағы үйде заттар өртенді. Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, тұрғындарды эвакуациялады. Жедел әрекеттердің арқасында авто саты көмегімен 13 адамның, оның ішінде 4 баланың өмірі құтқарылды. Сондай-ақ баспалдақ маршы арқылы 12 адам эвакуацияланды, оның ішінде 2 бала бар», – делінген хабарламада.
Өрт сағат 14:16-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
«Өртті сөндіру жұмыстарына Ақтөбе облысы ТЖД 15 өрт сөндіруші мен 5 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ өрт орнына Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы шықты», – делінген хабарламада.