2360
«Тәтті шәй іштік»: Нұртас Айдарбеков ұлының екінші рет үйленетінін айтты
Ол болашақ құдаларының Қазақстанның оңтүстік өңірден екенін айтты.
Әнші Нұртас Айдарбеков «Ұйқым келмейді» бағдарламасында жақында кенже ұлы Заңғардың екінші рет үйленетінін айтты.
«Тойдың ауылы алыс емес. Адамнан жасырғанмен, Алладан жасыра алмайсың. Құдай қаласа, болып қалатын шығар деген үміттеміз. Тәтті шәй іштік. Бәрі дұрыс болады деп ойлаймыз. Ертеңгі нәрсені айтудың өзі қиын болып қалды. Дегенмен үмітсіз емеспіз. Бұл ешқандай құпия емес. Балаңның басы екеу болып жатса, ол — қуаныш. Үмітіміз де, тілегіміз де бар», – дейді Қайрат Нұртастың әкесі.
Сондай-ақ Нұртас Айдарбеков болашақ құдаларының Қазақстанның оңтүстіктен екенін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Заңғар Нұртас көпшілікке сүйіктісін көрсеткен болатын.