Әтештің шақырғанын адам тіліне аударатын бағдарлама шықты

Әдістемеде Deep Emotional analysis Learning (DEAL) деп атайтын жетілдірілген жасанды интеллект техникасы қолданылған.

Әтештің шақырғанын адам тіліне аударатын бағдарлама шықты
BBC
1656

Жапония өнертапқыштары әтештің тілін аударатын бағдарлама ойлап тапты, деп хабарлады turkystan.kz researchsquare.com-ге сілтеме жасап.

Токио зерттеушілері математикалық алгоритмдер мен жасанды интеллект негізінде тауық тілін түсінуді үйренген. Ғалымдар тауық дауыстарының 80 үлгісін зерттеп, тауықтардың аш, қорыққан, уайымдаған, көңілі тоқ және басқа да эмоция кезінде қандай үн шығаратынын анықтай алған. Жұмыс тобына жануарлар психологі мен ветеринарлық хирургтар қатысыпты.

Әдістемеде Deep Emotional analysis Learning (DEAL) деп атайтын жетілдірілген жасанды интеллект техникасы қолданылыпты, бұл – естіген дерек арқылы эмоцияны түсіне алатын жоғары математикалық және инновациялық тәсіл.

Біздің зерттеулеріміз адам мен жануарлардың қарым-қатынасындағы алшақтықты жоюға, жануарлар әлемімен анағұрлым эмпатикалық және тиімді байланысқа жол ашады деп санаймыз, – дейді ғалымдар.

 

Серіктес жаңалықтары