1397
Астанада кішкентай баланы азаптап өлтірген бала күтушісі мен оның көңілдесіне қатысты сот үкімі шықты
Кішкентай балаға зорлық-зомбылық көрсетіп, оны азаптап өлтірген.
Астанада аса ауыр қылмыс істеген бала күтушісі мен оның көңілдесіне қатысты сот үкім шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
Қалалық прокуратура өкілдерінің мәліметінше, бала күтушісі болып жұмыс істеген әйел былтыр көңілдесімен бірге кішкентай балаға зорлық-зомбылық көрсетіп, оны азаптап өлтірген.
Бүгін екеуіне қатысты сот үкімі шықты.
«Сотта мемлекеттік айыптаушымен аталған адамдардың кінәсі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірілді, олар 17 және 23 жылға сотталды», – делінген хабарламада.